Тіркелген кәсіпорындардың 8300-і жұмыс істемейді
Тіркелген кәсіпорындардың 8300-і жұмыс істемейді
5,233
оқылды

Павлодар облысында тіркелген кәсіпорындардың 8300-і жұмыс істемейді, – деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Nur Otan партиясының облыстық филиалында өткен қорытынды кеңесінде бизнес-субъектілердің үш мыңы жұмысын мүлдем тоқтатқаны айтылды.

Облыс әкімі Болат Бақауов шағын және орта кәсіпкерлік саласында әлі де ауқымды жұмысты атқару керектігін қатаң ескертті.

– Шағын және орта бизнес субъектілерінің көрсеткіштері артқанымен, облыста тіркелген кәсіпорындардың 8300-і жұмыс істемейтіні анықталды, –деді әкім.

Олардың үш мыңы мүлдем жұмыс істемейді. Қалғандары қызметін уақытша тоқтатса, кейбіреулері банкротқа ұшыраған. Болат Бақауов облыстық кәсіпкерлік басқармасына мәселені мемлекеттік кіріс департаментімен бірлесе шешуді тапсырды.

– Қызмет ететін кәсіпорындардың 40%-і табыс таппайды. Яғни, нөлдік есеп тапсырады. Бұдан шығатын қорытынды – кәсіпкерлердің көбі көлеңкелі бизнеспен айналысады, – деді Болат Бақауов.

Ол сондай-ақ, облыс басшысы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәжірибесін кеңейту қажеттігін айтты.