Бәсекеге екі белбеу тігіледі.
Қазақстандық боксшы Батыр Джукембаевтың қаңтар айындағы титулды қарсыласы анықталды, – деп хабарлайды Vesti.kz.
BoxRec.com хабарлағандай, WBA Continental America және IBF Inter-Continental белбеуін қорғау үшін жартылай орта салмақтағы аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронмен (12-3-1, 4 KO) жекпе-жек өткізеді.
Верон өзінің барлық жекпе-жегін Аргентинада өткізді. Осылайша, ол мансабында алғаш рет өзінің туған жерінен тыс өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Жүкембаев Максимилианмен 25 қаңтарда Монреальдағы (Канада) Montreal Casino аренасында кездеседі.