Шымкентте үш ауысымды мектептер мәселесі шешілетін болды
Шымкентте үш ауысымды мектептер мәселесі шешілетін болды
207
оқылды

Сондай-ақ «Шымкент-сити» және «Тұран» шағын аудандаhында 39 үйдің құрылысы аяқталып,  3136 пәтер халық игілігіне беріледі.

Бұл тұралы  Шымкент қаласының әкімі, Nur Otan партиясының Шымкент қалалық  филиалының  төрағасы Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен  партияның кезектен тыс XLI конференциясында  экономика басқармасы басшысы Рахымберді Мүлкеманов баяндады. Партия конференциясына Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, аумақтық  филиалдарының төрағалары және бірінші орынбасарлары,  Шымкент қалалық басқарма басшылары, мәслихат хатшысы, мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі, депутаттар, Nur Otan партиясы Шымкент қаласы аудандық филиалдардан сайланған делегаттар және БАҚ өкілдері қатысты.    width= Конференция барысында қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасы аясында жасалған «Жол картасы» бағдарламасын  іске асыру бойынша алдағы 5 жыл  көлемінде жүргізілетін жұмыстар туралы айтты. «Жол картасы» бағдарламасында 5 жылға 22 негізгі көрсеткіштер қарастырылған, оның ішінде тұрғын үй саласында 3 млн  шаршы метрден астам тұрғын үй құрылысын жүргізу, білім саласында үш аусымды мектептердің мәселесін толық шешу, туризм саласында туристер санын 1 млн-ға жеткізу, инженерлік инфрақұрылым саласында тұрғындарды сумен, газбен, сапалы электр жарықпен толық қамту, қанағаттанарлық жолдардың үлесін 60 пайыздан 79 пайызға дейін жеткізу, экономиканың барлық салаларында 80 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашу көзделді. Сондай-ақ,  «Білім және ғылым» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Сәкен Мәжінбеков және «Ай Нұры» бастауыш партия ұйымының төрайымы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Төрайым Сұлтанова сөз сөйлеп, «Жол картасы» бағдарламасын  іске асыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Конференция барысында Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңесі және Саяси кеңес бюросының құрамына өзгерістер енгізілді. Конференция жұмысын қала әкімі, Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов қорытындылап, партия активіне нақты тапсырмалар жүктеді.