МакГрегор ресейлік қарсыласының Фергюсоннан жеңілгенін қалайды
МакГрегор ресейлік қарсыласының Фергюсоннан жеңілгенін қалайды
5,270
оқылды

Екі дивизионда UFC чемпионы болған Конор МакГрегордың (21-4) спарринг-серіктесі ирландиялық Питер Куилли танымал отандасының Тони Фергюсон (25-3) мен Хабиб Нурмагомедов (28-0) арасындағы кездесуде америкалықтың жеңіске жететініне сенім артады, – деп хабарлайды vRINGe.com.

Конордың ойынша, Хабиб жеңілген жағдайда оған реванш алуы оңайырақ болады.

Айта кетейік, 2018 жылы Нурмагомедов мерзімінен бұрын МакГрегорды төртінші раундта жеңген еді. «Егер Хабиб пен Тони арасында жекпе-жек өтетін болса, Конор Фергюсонның жеңіске жетуіне үміттенеді, себебі бұл жағдайда оған Хабибпен реванш ұйымдастыру оңайға түседі. Егер Хабиб Фергюсонды жеңетін болса, онда ресейлік файтер талап қоюға және жекпе-жектің өту өтпеуі соның шешіміне байланысты болады. Егер Хабиб ұтылса, Конормен жекпе-жек ресейлік үшін ең тиімді әрі жалғыз нұсқа болады», – деді Куилли.

Айта кетейік, келесі кездесуін МакГрегор 18 қаңтарда UFC 246-да Дональд Серронға қарсы өткізеді. Ал, Нурмагомедов – Фергюсон жекпе-жегі 18 сәуірге жоспарланған.