Бәсеке 1 сағат 57 минутқа созылды.
Қазақстандық Елена Рыбакина Қытайдағы Шэньчжэнь турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 36-орында тұрған Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 17-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен күш сынасты.
Бірінші партияда алдымен брейк жасаған бельгиялық спортшы алға шықты – 2:1. Ал, қазақстандық спортшы қатарынан төрт геймді алды – 5:2.
Э.Мертенс есепті қысқартқанымен, Е.Рыбакина тағы бір брейкке қол жеткізді – 6:4. Екінші сетте Э.Мертенс 4:0 есебімен алға кетті. Е.Рыбакина есепті қысқарта алды – 3:4. Бірақ бельгиялық теннисші босаңси қойған жоқ – 6:4. Үшінші, шешуші партияда Е.Рыбакина брейк жасап, басымдық таныта алды – 4:1. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.
Е.Рыбакина финалға шығу үшін украиналық Катерина Бондаренко немесе чехиялық Кристина Плишкованың біреуімен таласады.