Ғалымдар коронавирус инфекциясының "ескіру" қаупі туралы ескертті.
Вашингтон университетінің вакцинологы Майкл Кинч коронавирус мутациясы қолданыстағы COVID-19 вакциналарын тиімсіз етуі мүмкін деп есептейді. Маманның айтуынша, қазір әзірлеушілерде вакциналарды модернизациялау құралдары бар, бірақ болашақта жаңа штамдармен күресудің балама тәсілдері қажет болады, – деп жазады Bloomberg. Бұл пікірмен Оксфорд университетінің жетекші зерттеушісі Эндрю Поллард келіседі. Ол ғылыми қауымдастық пен фармкомпаниялар SARS-CoV-2 мутациясының қандай болатынын әлі білмейтінін атап өтті.
"Біз қазір қандай мутациялар болып жатқанын білеміз. Бірақ вирус адам иммунитетінің әсерінен өзгере беруі мүмкін", – деп атап өтті ғалым.
ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде 107,4 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды, шамамен 2,36 миллион адам қайтыс болды. Жақында SARS-CoV-2 жаңа штамдары тарала бастады: оңтүстік африкалық – 44, бразилиялық, жапондық – 15 және британдық штамм қазірдің өзінде 86 елден табылды.
Зерттеулер көрсеткендей, коронавирустың Оңтүстік Африкадағы нұсқасы жұқпалы. Алайда аурудың әсері, қаупі туралы мәліметтер әзірге белгісіз болып отыр.