Гвинеяда Эбола таралып жатыр
Гвинеяда Эбола таралып жатыр
191
оқылды

Ауруды анықтап, олармен байланыста болғандардың барлығы оқшауланып жатыр.

Санитария қауіпсіздігі агенттігінің басшысы Сакоба Кейттің айтуынша, Эбола вирусын жұқтырған 7 дерек тіркелді. Олар – төрт ер адам мен үш әйел. Үш адам қайтыс болды. Үшеуі оқшауланды. Бір науқас Канакриде, екеуі Нзерекореде жатыр. Дәрігерлер Эбола безгегі алғаш Гуеке қаласында медбикеден анықталғанын мәлімдеді. Ол 28 қаңтар күні қайтыс болды. Әйел бірінші ақпанда жерленді.

«Қоштасу рәсімінен кейін бірнеше күн өткен соң бірнеше адамда сырқаттың белгілері байқалған. Вирустың бар-жоғын анықтауға тапсырылған тест нәтижесі алғаш 12 ақпанда расталды», – деді Сакоба Кейт.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Гвинеяға көмек көрсетілетінін хабарлады.

2014-2016 жылдары Гвинеяда Эболаға 28 мың адам шалдығып, 11 мың адам қайтыс болған.