"Коронавирустан қауіпті" пандемия басталады: Дәрігер болжам жасады
"Коронавирустан қауіпті" пандемия басталады: Дәрігер болжам жасады
295
оқылды
Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников жақында қауіпті пандемия басталатынын айтты, – деп жазады Ura.ru. Оның айтуынша, коронавирус «жаттығу процесі секілді келген», алайда таяу уақытта бұдан да қорқынышты пандемия басталады. Дәрігер бұған «100%» сенімді. Мясниковтың пайымынша, жаңа инфекция екі жолмен пайда болады.
«Екі мутация бар. Біріншісі, құс және шошқа тұмауы жануарлардан адамға жұғады.  Екіншісі,  адамнан адамға жұғады», – деді ол.
Мясников теріс сценарийдің алдын алу үшін ғалымдар тұмаудың жаңа бірегей вакцинасын әзірлеуі тиіс деп есептейді.