Пара алды... қалтасы қағылды
Пара алды...  қалтасы қағылды
296
оқылды

Сыбайлас жемқорлық дегеніңіз – түбі көрінбейтін бір шыңырау болды. Қоғамда ол жайлы ашық айтылып та, жазылып та, тіпті жекелеген тұлғалар әшкереленіп те келеді. Қалай дегенмен қоғамның ашық дертіне айналған бұл құбылыстың алдын алуда дәрменсіздігіміз ашық байқалады.

Атап айтқанда, өткен жылы Жам­был облысында жемқорлық бойын­ша 18 қылмыстық іс тіркел­ген. 9 іс қаржыны жым­қыру дерегі бойын­ша, 2-еуі алаяқ­тық, пара алу де­регі бо­йын­ша – 4 іс, ал қыз­мет­тік жал­ған­дық жасау дерегімен – 3 іс анықталған. Бүгінде 14 іс сотқа жолданып, 26 тұлғаға айып та­ғайын­далса, 8 тұлға сотталып ты­ныпты. Әсіресе, өңірде білім са­­ласында жасалған құқық­бұзу­шы­лық қылмыс едәуір өскен, оның ішінде мемлекеттік қара­жат­ты жымқыру деректері тіпті жиі­леп кеткен. Білім саласына бө­лінген бюджеттік қаражатты жым­қыру тәсілі мен масштабы (мил­лиондаған сомалар), сон­дай-ақ алдын ала келіскен адам­дар то­­бымен жасауы қоғам­да алаң­дау­шылық тудыруда. Саладағы қыл­мыс­тық құқық­бұзушылықтар және басқа да заңбұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жай­лар­ды анықтауда мамандар негізінен ау­дандық білім бөлімінің жыл­дық жалақы қорына бөліне­тін бюджет қаржысының негізін, қаржы­лан­дыру жоспары­ның және мақсатты пайдалануын қайта қарап, үнемді пайда­лануының тиісті іс-шар­а­ла­рын жүргізу қажетін алға тар­та­­ды. Дегенмен білім мекемелерін бас­­қарып отырған жауапты тұл­ға­лар­дың жемқорлыққа жол беруі – олардың тікелей атқа­ратын функционалдық міндет­теріне салғырт қарайтыны­нан деп білуге болады. Мысалы, Шу ауда­ны әкімдігінің білім бөлімінің «Өнер мектебі» дирек­торына қа­тыс­ты пара алу дерегі қылмыстық іс­пен аяқтал­ды. Ол өзінің бас­қаруын­дағы мектепке азаматты қо­сымша үйірме жетекшісі ретін­де жұ­мыс­қа қабылдау үшін 150 мың теңге пара алған. Директор Шу ау­дандық сотының үкімімен 3 жыл­ға бас бостандығынан айыру жа­засы тағайындалған болатын, алай­да өткен жылдың соңында апелляциялық сатыда аталған жа­за 4,5 миллион теңге айыппұлға өз­гертілді. Сондай-ақ облыс орта­лы­ғынан шалғай жатқан Мойын­құм ауданындағы «Бөбек» бала­бақ­шасының мең­герушісі бала­бақ­ша есеп­шоты­нан өзінің банк­тік карт-шотына жалақы ретінде жалпы сомасы 524 768 теңгені артығымен ауда­рып келіп, бөтен мүлікті жым­қырған. Мойынқұм аудан­дық сотының үкімімен оған 5 млн 247 мың 680 теңге айыппұл салу тү­рін­­дегі жаза тағайындал­ды. Және осы аудандағы «Бала­пан» бала­бақ­шасының меңгеру­шісі жеңіл жол­мен пайда табуды көздеп, атал­ған балабақша есепшо­ты­нан жал­пы сомасы 620 363 теңгені банк­тік карт-шоттарға заңсыз ау­дар­тып алу арқылы бөтен мүлікті жымқыр­ған. Оған Мойынқұм ау­дандық сотының үкімімен 2 жыл­ға бас бостан­дығынан айыру жа­засы тағайын­далды. Ал Мойын­құм ауы­лындағы балалар саз мек­тебінің дирек­торы өзінің бас­­­қаруындағы мектептің қобыз пәні мұғалімінің сабақ сандарын қысқартпау үшін 50 мың теңге пара алған. Енді пара алған директоры­на Мойынқұм ауда­ны сотының үкі­мімен 1 миллион теңге айып­пұл салу түріндегі жаза тағайын­дал­ды. Тараз қала­сының іргесін­де­гі Байзақ ауда­ны әкімдігі білім бөлімінің «Дәулет» балабақ­ша­сы­ның меңгерушісі балабақшаға тәр­биешінің көмекшісі лауа­зы­мы­на жұмысқа орналастыру үшін 130 мың теңге пара алған. Оған да Байзақ ауданы сотының үкімімен 5,2 миллион теңге айып­пұл салу түріндегі жаза тағайын­далды.

Иә, бәрін айт та, бірін айт, біл­­­дей білім мекемелерін бас­қа­­рып отырған азаматтар­дың пара ала­мын деп бала-шаға­сы­ның ау­зы­нан жырып, айыппұл төле­гені өкі­нішті. Құлқыны та­мақ тойды­рар пұлға қызық­қан жем­қор отба­сын ойлады ма екен? Өсіріп отыр­ған ұл-қызы­ның, жақын­да­рының алдында енді қалай жүзі жарқын болар екен?

 

Жамбыл облысы