Адамды қатерлі ісік пен тез қартаюдан сақтайтын сусын белгілі болды
Адамды қатерлі ісік пен тез қартаюдан сақтайтын сусын белгілі болды
419
оқылды
Америкалық ғалымдар көк шай адамды қатерлі ісіктен сақтайтынын анықтады, – деп жазады Nature Communications. Олардың айтуынша, қатерлі ісік жасушаларын көк шайдағы галлат эпигаллокатехин антиоксиданты (EGCG) жоюға көмектеседі. Басқа зерттеудің қорытындысы бойынша көк шай «ұзақ өмір сүрудің үздік сусыны» болып шыққан. Ол кез келген аурудан болатын өлім-жітімді 62% төмендетеді. Бұл туралы Stroke америкалық кардиологиялық қауымдастығы да хабарлаған. Олардың айтуынша, бұндай көрсеткіш инсульттан аман қалған жапондықтарда байқалған. Олар күніне 7 кесе көк шай ішкен. Сондай-ақ жүрегі ауырмайтын жапондықтар көк шай іше бастаған соң өлім-жітім тәуекелі 14% төмендеген. Бұдан басқа диабеттің пайда болуы азайған.