Биыл Токиода өтетін Олимпиада мен Паралимпиаданың ұйымдастырушылары қатысушылардың төсегі қайта өңделген картоннан жасалатынын айтты, — деп жазады prosports.kz.
Токиодағы Олимпиада қалашығының менеджері Такэси Китадзиманың айтуы бойынша, картон төсектер 200 келі салмақты көтере алады. Салыстырмалы түрде алғанда олар ағаш төсектен де мықты.
«Бірақ үстінде секіруге болмайды. Секірсеңіз сынып қалады», – дейді Такэси Китадзима.
Олимпиада қалашығына жалпы 18 мың төсек қойылады, ал Паралимпиада кезінде оның 8 мыңы ғана пайдаланылады деген жоспар бар.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 24 шілде мен 9 тамызы аралығында өтеді. Ал Паралимпиада 25 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді.