Қазақстан Футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Георгий Жуковтың отандық жанкүйерлерге жазған сөзіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Дереккөз жазғандай, БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуковтың пікірі тарады. «Қазақстанда маған шетелдік ойыншы ретінде қарады. Жергілікті футболшыларға көрсетілген құрмет пен қолдауды сезінген жоқпын. Қазір Еуропаға қайта кеттім, мен неге бірден елдің патриоты болып оны жарнамалауым керек? Мен «Қайратқа» ризамын. Маған оңай болған жоқ», - деп жазды ойыншы Instagram парақшасында.
Бұған қатысты Қазақстан құрамасының Азамат Айтқожин: «Футболшымен кездесіп, сөйлесеміз. Егер ол айтқан сөздерін мойындаса, тиісті шара қолданамыз. Ұлттық құрамада ойнайтын футболшылар ел намысын абыроймен қорғауы міндет!» – деді ол.