GGG бұл жекпе-жекте IBF титулын қорғайды.
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жектің мән-жайы келісілді, – деп хабарлайды Vesti.kz порталы Boxing Kingdom-ке сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, жекпе-жек туралы таяуда ресми жария етіледі.
Еске салайық, GGG бұл жекпе-жекте IBF титулын қорғайды. Әйтсе де жекпе-жектің өтетін күні ретінде түрлі уақыт айтылуда.
Бір деректе ол 29 ақпан делінсе, кейбір ақпарат көздері 28 наурыз деп көрсетуде. Тіпті Головкин рингке тек сәуір не мамырда оралады деген ақпарат та тарап жатыр.
Ал кездесу өтетін орын ретінде поляктардың ең үлкен диаспорасы шоғырланған Чикаго таңдалды.