«Одан Мейвезер де қорқатын». Әйгілі промоутер кімді атады?
«Одан Мейвезер де қорқатын». Әйгілі промоутер кімді атады?
5,246
оқылды

Ол бұл боксшыға бәсекелес жоғына сенімді.

«41 жастағы Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) өткен он жылдықтың ең мықты боксшысы». Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум осындай пікірі білдірді, – деп жазады Vesti.kz.
Промоутердің ойынша, жиі жұдырықтасатын филиппиндік боксшыға бәсекелес болатын ешкім жоқ.
«Он жылдың мықтысы ма? Мэнни Пакьяо, өйткені ол үнемі жекпе-жек өткізеді және бәрімен жұдырықтасты. Мейвезер онымен көп жыл бойы кездесуге қорыққан. Ол осындай жалғыз боксшы және спорт қамын ойлаған адам. Оған бәсеклес болатын біреу бар деп те ойламаймын. Мэнни Пакьяо қазір де жұдырықтасып жүр. Әлбетте ол он жылдық боксшы. Ол спорттағы аңыздарымен бірге тарихта қалады», – деп келтіреді Арумның сөзін vRinge.com.

Айта кетейік, Пакьяоның ісін Эл Хэймон басқаратын Premier Boxing Champions промоутерлік компаниясы жүргізеді.