Баспананың қымбаттауына негіз жоқ
Баспананың қымбаттауына негіз жоқ
171
оқылды

Елде баспана тапшылығы мәселесі күрделене түскенін сарапшылар айтып, дабыл қағуда. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұған негіз жоқ. Мысалы, 2021 жылы 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл – ел тарихындағы рекордтың бірі.

Қаңтар айының өзінде 801 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 9,4%-ға көп. Қазір еліміз бойынша 6 810 баспана ел игілігіне берілді. Соның ішінде 2 541-і – жеке тұрғын үй. Ведомство бұл көрсеткіш Маңғыстау облысынан басқа 16 өңірде артқанын жеткізді. Сонымен бірге Қазақстанда тұрғын үй құрылысында жергі­лікті өнімдер үлесі артып келеді. Бұл бизнес үшін құрылыс ма­териалдарының отандық нары­ғын дамытуға қосымша мүм­кіндік береді. «Министрлік нарықтың осы саласында 24 негізгі позиция бойынша талдау жүргізді, бұған темірбетон бұйымдары, құрғақ қоспалар, линолеум, тұс­­­қа­ғаздар, санфаянс, қабырға блоктары, кірпіштер, жылу оқшаулау, про­фильді парақтар, плас­­тика­лық құбырлар және басқасы кір­ді. Отандық өн­дірушілер 10 по­зиция бойынша ішкі нарықтың қажетін толы­ғымен өздері өтей­­тіні анық­талды, бұлар – те­мір­бетон бұйым­­дары, құрғақ қос­палар, қабырға блоктары, кір­піштер және басқасы», – деді ИИДМ. 11 өнім түрі бойынша елі­міздегі кәсіпорындар сұра­ныс­тың шамамен 50%-ын қана­­ғат­­тандырып отыр: оған жылу оқ­шау­­лау, профлисттер, плас­­ти­­калық құбырлар және басқа­лары жатады. Ал 3 позиция – лино­­леум, тұс­қағаз, санфаянс бүгінде ішкі нарықта өнді­ріл­мейді, толы­ғымен шетел­ден та­сылады. Әйткенмен, құрылыста жер­гілікті мазмұнның артуы баспана құнының арзандауына еш ықпал етпеді.

Айхан ШӘРІП