Түрмеге 100 кітап сыйлады
Түрмеге 100 кітап сыйлады
324
оқылды

Атыраулықтар темір тордың ар жағындағыларға қамқор­лық жасаудың үлгісін көрсетті. Бұған дейін өңір тұр­ғындарының түрмеге отырғандарға арнап онлайн дүкен ашқаны туралы жазылған еді. Енді осы жолы атыраулық зей­неткер әйелдер колониясының кітапханасына 100-ден ас­там кітапты сыйға тартыпты.

Облыс орталығындағы УГ-157/11 мекемесінің кітапханасы 6 мыңнан астам кітаппен қамтылған. Оның ішінде қазақ тіліндегі әдеби шығармалардан бөлек, әлем классиктерінің де кітаптары бар. Бұл түрмеде жазасын өтеп жатқан 150-ден астам әйелдің кейбірі айына 5 кітап оқиды. Енді оларға жер­гілікті зейнеткер Мәлік Көп­тілеу­ов 100-ден астам кітапты сый­ға тартты. «Бұдан бұрын жергілікті га­зет­тер арқылы Атырау тұрғын­дарынан мекемеге қайтарымсыз кітаптар қабылдайтынымызды хабарлаған едік. Осы хабар­лан­дыруды естіген Атырау қаласы­ның тұрғыны, мұнай саласында еңбек еткен зейнеткер Мәлік Көптілеуов жазасын өтеуші әйелдер үшін қазақ және орыс тіліндегі 100-ден астам кітапты қайтарымсыз сыйлады», – дейді мекеме бастығының орынбасары Медет Әжіқұлов.

Жадыра АҚҚАЙЫР