Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың мамыр айында ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастайтын, ел бірлігін нығайтып, дамуға кеңінен жол ашатын бағдарлама. Барша қазақстандықтарға күрделі және дағдарысты кезеңнен сүрінбей өтудің тиімді тәсілін нұсқайтын қабырғалы құжат. Осы арқылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу міндетін қойып, дамудың даңғыл жолын көрсетті.
Бүгінде халқымыздың мүддесі, қажеттілігі мен талап-тілегі барынша ескерілген Ұлт жоспарының басым бағыттары, негізгі қадамдары өз деңгейінде орындалып келеді. Уақыт алға жылжыған сайын еліміз де жаңару үстінде. Тұңғыш Президентіміздің көреген саясатының арқасында біз ата-бабамыз армандаған құндылықтарға қол жеткіздік. Бүгінде Қазақстан бірлігі мен ынтымағы жарасқан, атағы төрткүл дүниеге жайылған айбынды мемлекетке айналды.
Партия Төрағасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қоғамдық жаңа қатынастардың, функциялардың, сондай-ақ жаңа, жетілдірілген институттардың қалыптасып, орнығуына мүмкіндік жасады. Қоғамдық өмірімізде де үлкен сілкініс тудырды. Ұлт жоспары халқымызды ұлы істерге жетелейтініне сенім мол. Өйткені алмағайып заманда жоспарлы жұмыс қана бізді жетістікке жеткізе алады. Сондықтан Ұлт жоспарының жүзеге асуына үлес қосу – бәріміздің ортақ міндетіміз.
Былтырғы жылдың 9 мaусымындa өткен Президент сaйлауы хaлқымыздың aуызбіршілігін, ұйымшылдығын көрсетіп қaнa қоймaй, Қазақстанда қaнaт жайып келе жaтқaн демокрaтиялық үдерістің жaрқын көрінісі екенін aйқындады. Сaйлaудa жеңіске жеткен Қaсым-Жомaрт Тоқaев ел тізгінін ұстaды. Қaлың бұқaрaның бұл тaңдaуы бекер емес. Қaсым-Жомaрт Тоқaев – көрнекті мемлекет қайраткері, дaрынды дипломaт. Ол Елбaсымен бірге ел тәуелсіздігін нығaйтуғa, мемлекетіміздің хaлықaрaлық қaуымдaстықтa тaнылуынa, aбырой-беделінің aсқaқтaуына өлшеусіз үлес қосқaн мемлекеттік тұлға ретінде халық қaлaулысынa aйнaлған білікті басшы.
Қасым-Жомарт Кемелұлы сайлауалды бағдарламасында негізгі мақсат-мұраты «Сабақтастық, Әділдік, Өрлеу» екенін атап көрсетті. Сабақтастық бірінші кезекте Елбасының стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз етумен сипатталады. Мұнда қоғамның ауызбіршілігін сақтау, ел азаматтарының тұрмыс сапасын арттыруға арналған барлық әлеуметтік бағдарламаны мүлтіксіз орындау, оларды ары қарай дамыту, тұрақты экономикалық өсім арқылы жетістіктерімізді еселеу міндеті бар.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлының бес институттық реформасын – Ұлт жоспарын жүзеге асыру екенін Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше атап көрсеткен болатын. Президент сонымен қатар әділдікке негізделген әділетті қоғам орнату, оның ішінде заң үстемдігі мен әділ сот төрелігін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, жемқорлықты түп-тамырымен жоюды, тиімді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құруды, дені сау, білімді ұрпақ қалыптастыруды, халықты жұмыспен қамтуды мақсат тұтты. Ал «Өрлеу» бағыты бойынша қарқынды экономика құру, ауқатты және заманауи ауыл қалыптастыру, тиімді қаржы жүйесін, жоғары санатты инфрақұрылым, тұрғылықты халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттерді белгілегені баршамызға аян.
12 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өткен ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы айтылған міндеттерді одан әрі тиянақтай түсті. Ең бастысы, елімізде әділетті қоғам орнату, халықпен санаса жұмыс істеп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуды басты нысана етіп алуы – адамдардың ойынан шығып, болашаққа деген сенімдерін нығайта түсті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында еліміздің әр азаматына тең мүмкіндік беретінін жеткізді. Аталған берік ұстаным қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтитыны анық. Осы 3 ұстаным елдің ойын дөп басты. Қорыта айтқанда, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру» алғашқы институттық реформасы аясындағы және Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасындағы «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» тұғырнамасы, «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында айтылған міндеттерді сапалы жүзеге асыру ел мен ұлт мүддесі жолындағы жаңа мақсаттарға сенімді қадам жасаудың жарқын көрінісіне айналады.
Бақытжан ЕРТАЕВ,
Мәжіліс депутаты