Таразда көше сыпырып жүрген жұмысшыны көлік қағып кетті

Таразда көше сыпырып жүрген жұмысшыны көлік қағып кетті

Марқұм апат болған жерде жол тазалап жүрген, – деп хабарлайды КТК.

Қайғылы жағдай Ниетқалив пен әл-Фараби көшесінің қиылысында болған. Дәл осы тұста «Жасыл ел – Тараздың» жұмысшылары көше сыпырып жүрген. Сол сәтте зуылдап келген екі көлік бір-біріне соғылған. Соның салдарынан машинаның бірі ұшып барып жол жиегіндегі әйелді қаққан. 52 жастағы жұмысшы сол жерде жан тапсырған.

Жол апатына әзірге қай жүргізушінің кінәлі екені белгісіз.