Сондай-ақ кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болмақ.
Сенбі күні Қазақстанның көптеген облыстарында қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет"РМК баспасөз қызметі.
"Алдағы тәулікте Қазақстанның ауа райы айтарлықтай өзгерістер болмайды. Фронтальды бөлімдер бұрынғысынша республиканың басым бөлігіне өз әсерін сақтайды, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) күтілуде. Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-батыста көктайғақ болады, Жамбыл облысында боран соғады", - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы – секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -17 -19, күндіз -10 -12.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде -5 -7, күндіз 0-ге жуық.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман. Солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0, -2, күндіз +4 +6.
Алматы облысында Алакөл көлінің маңында секундына 15-20 метр жел соғады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -1 +4, түнде -3 -8.
Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Күндіз +2 +7, түнде -3 -8.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, түнде тауларда аздаған жаңбыр жауады, қар жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. Күндіз +2 +7, түнде -3 +2.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз -2 +3, түнде -2 -7.
Атырау облысында күндіз аздаған қар, түнде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз 0 -5, түнде -5 -10.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -9 -14, түнде -14 -19.
Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар, кей жерлерде тұман. Күндіз -7 -12, түнде -14 -19.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауып, тұман түседі. Күндіз -1 -6, түнде -5 -10.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар, кей жерлерде тұман. Күндіз 0 -5 ( оңтүстігінде +3), түнде -10 -15.
Қостанай облысының кей жерлерінде қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -10 -15, түнде -15 -20.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз -10 -15, түнде -18 -23.
Қарағанды облысында күндіз аздаған қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -9 -14, түнде-15 -20 (оңтүстігінде -10).
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз -5 -10, түнде -22 -27.
Ақтөбе облысында кей жерлерде қар жауады. Күндіз -5 -10, түнде -15 -20.
"Алдағы үш тәулікте шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы тау өзендерінде су деңгейі өзгереді. Сырдария өзенінің төменгі ағысында мұз кептелуі мүмкін, су деңгейінің көтерілуі күтілуде", - деп ескертті синоптиктер.