Тәжірибелі американдық Бақтиярды екі рет нокдаунға түсірді.
Жартылай орта салмақтағы он раундтық жекпе-жек техникалық нокаутпен аяқталды. Бақтияр Эюбов бірінші раундтың өзінде екі рет нокдаунға түсті
Қазақстандық боксшы Бақтияр Эюбов (14-1-1, 12 КО) қатарынан екінші рет жеңілді. Бұған дейін ол тағы бір АҚШ боксшысынан ұпай санымен ұтылған болатын.
Атлантик-Сити қаласында (АҚШ) 33 жастағы қазақстандық бірде-бір рет жеңілмеген америкалық Джарон Энниспен (24-0, 22 КО) жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы он раундтық жекпе-жекте Эннис техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бар-жоғы төрт раундқа созылған кездесуде қазақстандық екі рет нокдаунға түсті. Бұл жекпе-жектің жарқын сәттерін төмендегі бейнероликтен көруге болады.
https://youtu.be/9N-t_DyOT7Y
Эюбовтың бұл кәсіпқой рингтегі екінші жеңілісі: алдыңғы жекпе-жекте ол тағы бір америкалық Брайан Себальоға (11-0, 6 КО) төрешілер шешімімен есе жіберген болатын. Ал Эннис 23-рет нокаутпен ұтты. Ол 25 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.