«Қазгидромет» бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялаяды.
Синоптиктер Ақмола облысында ертең таңертең және күндіз кей жерлерде тұман түсіп, боран болады.
Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Дауылдың ықтималдығы 85-90 пайыз.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 метр болады.
Синоптиктер 13 қаңтарда Оралда күндіз боран, батыстан жел соғады деп болжап отыр. Екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз. Қостанай облысында және Қостанай қаласында тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады.
Қызылорда облысында, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.