«РИА Новостидің» жазуынша, Қытайдағы қауіпті індет коронавирустан қаза тапқандардың саны бір ғана Хубей провинциясының өзінде 100-ге жетті. Бұған провинция денсаулық сақтау комитетінің мәліметтері дәлел болған.
Дерекөздің жазуынша, жергілікті уақыт бойынша, 27 қаңтарда сағат 24:00-ге қарай Хубей провинциясында қауіпті вирусты жұқтырғандардың саны 2 714 адам болған, оның 1590-ы Ухан тұрғындары. Қаза тапқан 100 адамның 85-і Ухань қаласының тұрғыны. 27 қаңтардың өзінде 1291 адам ауруды жұқтырып үлгерсе, оның 24-і қайтыс болған.
Айта кетейік, Қытай билігі былтыр 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған.
Бұған дейін қатерлі вирус Гонконг, Макао, Тайвань, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия және Малайзияда тіркелген.