«Бауырынан тепті» – Айдын Көдеков қытайлық спортшыдан нокаутпен жеңілді (видео)

«Бауырынан тепті» – Айдын Көдеков қытайлық спортшыдан нокаутпен жеңілді (видео)

Қазақстандық файтер Айдын Көдеков қытайлық Шуо Вангтан нокаутпен жеңілді, – деп жазады Vesti.kz.

Биыл 11 қаңтарда өткен аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек Мәскеуде сингапурлық Rebel FC промоушенінің турнирінде болды.



Екінші раундта Ванг қазақстандықтың бауырынан теуіп, бүк түсірді. Айдын Көдеков жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Осылайша, 25 жастағы Вангтың еншісінде 11 жеңіс пен 3 жеңіліс бар. Ал шетелде бірінші рет жекпе-жек өткізген Көдеков осымен екінші рет жеңілді.

Еске сала кетейік, Rebel FC промоушені 2013 жылы құрылған. Күні кеше Мәскеуде өткен турнир ұйымның Еуропадағы алғашқы жарысы еді. Турнирлердің көпшілігі Қытайда өтеді.