Қарағанды қаласындағы 10 көшенің атауын ауыстыруға жұмсалатын шығынды жергілікті кәсіпкер – «Нәтиже» компаниясының қожайыны Ерлан Әшім төлеп береді.
Бұл туралы «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Қамбар Ахметов Facebook парақшасында жазды.
Оның айтуынша, бүгін Қарағандыда 10 көшенің атауын өзгертуге қатысты көпшілік тыңдау аяқталды. Талқылауға мыңнан астам адам жиналған. Дауыс берудің нәтижесінде, ұсынылған 10 атауды халық бірауыздан қолдаған. Бұдан былай Ленин көшесі – Абай Құнанбаев, Приканальная – Сарыарқа, Кривогуза – Қасым Аманжолов, Защитная – Григорий Потанин, Зональная – Александр Затаевич, Олимпийская – Нарманбет Төлепов, Волочаевская – Дүйсембеков Камали Жұматайұлы, Кувская – Нұржанов Қазыбек Бейсенұлы
Нұржанов көшесі – Мерей, Аманжолов – Балқантау көшесі деп аталатын болды.
Жиында «Көше атауын қазақшалауға, ауыстыруға қарсымын. Оған кететін қаражат менің төлейтін салығымнан ұсталады» деген пікір де айтылмай қалмаған. Сол кезде сөз алған кәсіпкер Ерлан Әшім «...шығынды өзім-ақ көтеріп аламын» деп мәлімдеген.