Түркістанда түркілерге ортақ телеарна іске қосылады
Түркістанда түркілерге ортақ телеарна іске қосылады
515
оқылды
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ел алдындағы есебі өтті. Шөкеев өткен жылды қорытындылап, жыл көшінде атқарылған жұмыстар мен қол жеткен жетістіктер мен алдағы айқын міндеттерді кеңінен баяндады. Тікелей эфирді 100 мыңға жуық адам тамашалады. Үш мыңдай хат түсті. Пандемияға байланысты биыл есептік кездесу онлайн форматта, карантин талаптарына сай ұйымдастырылыпты. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы жаңадан бой көтерген «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залында өтіп жатқан облыс әкімінің есептік кездесуі облыс әкімдігінің ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетілді. Жиынды облыстық мәслихаттың хатшысы Қ. Балабиев жүргізіп отырды.  width= Ел алдындағы есептік кездесуін бастаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев: «Әкімдердің халық алдында есеп беруі Елбасының Жарлығымен 2005 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Өткен жыл барысында өзім және орынбасарларым, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері, облыс тұрғындарының өтініштері бойынша 3940 азаматтарды жеке қабылдап, нәтижесімен, елдің қажетті экономикалық әлеуметтік мәселелерін талқылап, шешу жолдарын қарастырдық»,– деген Өмірзақ Шөкеев 2020 жылдың қорытындысын баяндап берді.  width= Әкімнің баяндамасында айтылғандай, мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсетілетін қызмет сапасының артуы нәтижесінде 2020 жылы тұрғындардан 63 мыңнан астам өтініш түскен. Барлық аудан, қала орталықтарында «Фронт-офис» кеңселері ашылған болса, басқармалар үйінің ғимаратында облыстық «Ашық әкімдік» кеңсесі өз жұмысын бастап, кеңседе 21 басқарманың және тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін 16 басқарманың жауапты қызметкерлері жұмыс жасайды. Нәтижесінде, тұрғындардың өтініш - шағымы 26 пайыға азайды. «Бүгінде облыстағы 100 мыңнан астам көпбалалы отбасы ай сайын жәрдемақы алады. 2020 жылы жоспарланған 50 мыңдай көпбалалы отбасының 39 мыңы атаулы әлеуметтік көмекке жүгініп, оларға 14 млрд теңгеге көмек тағайындалған. «Биыл 52,4 мың отбасына немесе 290 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек үшін 26,1 млрд теңге бағытталады. 18 жасқа дейінгі балаларға жалпы сомасы 13,7 млрд теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакет қаражаты бөлінеді. Мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуын 85 пайызға жеткізу көзделген», – деді облыс әкімі өз сөзінде.  width= Өңірде 141 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өнеркәсіп өнімнің көлемі өткен жылы 535,2 млрд теңге болған. Биыл бұл көрсеткіштерді айтарлықтай арттыру көзделген. Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 141 мыңға жетіп, онда 218 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл секторда 555 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен кезеңмен салыстырғанда 15,6 пайызға ұлғайды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 29 млрд теңгені құрайтын 287 жоба қаржы институттарымен қаржыландырылды. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастығы орталығын құру мақсатында Сарыағаш ауданында 200 гектар аумаққа сауда орталығының құрылыс салу жобасы әзірленеді. Маңызды жобаларды іске асыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, облысқа 703,3 млрд теңге инвестиция бағытталып, нақты көлем индексі 59,4 пайызға артты. Айта кету керек, инвестициялардың өсу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы республикада 1 орынға ие болды.    width= Пандемия кезінде дәрігерлер табандылық көрсетті «Пандемияда коронавирус індетін жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды емдеуде қарқынды жұмыстар атқарылды» деген облыс басшысы «Өңірде дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың екі айлық қоры құрылғанын жеткізді. Айтуынша, былтырдан бастап өңірде денсаулық сақтау саласында 78,5 млрд. теңгенің 7 нысаны салынуда. Түркістан қаласында жаңа үлгідегі 200 орындық жаңа үлгідегі көпсалалы медициналық орталық пайдалануға берілді. 729,7 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді Бұл көрсеткішпен Түркістан облысы елімізде үшінші орында тұр. Негізгі капиталға 58 млрд теңге инвестициялар тартылып, 13 пайызға артқан. Яғни, Республикадағы үлесі – 10,1 пайызды құрады. Өңделген өнім экспорттың көлемі 105,1 млн АҚШ долларына жетіп, 47,6 пайызға артқан. «Біз, агроөнеркәсіп кешені әлеуетін одан әрі дамыту үшін негізгі үш бағытта жұмыстар атқарудамыз» деген облыс басшысы үш бағытты атады. Атап айтсақ, бірінші бағыт бойынша қала аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру, екінші бағыт: «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы, үшінші бағытта үйіргелік жерлерді игеру қолға алынған. Бұдан бөлек, ағын су тапшылығын шешу мақсатында ірі су нысандары құрылыстары жүргізіліп жатқаны әңгімеге арқау болды.  width=  width= Тұрғын үй құрылысы 7568 мың шаршы метрге жеткізіледі «Елімізде өзекті болып отырған баспана беру мәселесіне басым назар аударылуда. Осыған орай, жылдың қорытындысымен нақты 735,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, тапсырма 18,6 пайызға артығымен орындалды»,-деген әкімі Өмірзақ Шөкеев алдағы ортақ мақсат – міндеттермен бөлісті. «Бұл жылы құрылыс көлемін 335 млрд теңгеге жеткізіп, тұрғын үй құрылысын 7568 мың шаршы метрге жеткізіледі» деп, мектеп, балабақша, денсаулық сақтау, спорт, мәдени нысандар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы, жолдар, ауыз су жүйелерін жаңарту жоспарларымен бөлісті.  width= Басына қиындық түскендер қамқорлықсыз қалмады Облыс әкімі Мақтаарал оқиғасы туралы былай деді: «Басына қиын іс түскен бірде-бір адам қамқорлықсыз қалмады. Бұл халқымыздың біртұтас ел екендігін дәлелдеді. Мақтаарал ауданындағы қазіргі жағдай тұрақты»,-деді Өмірзақ Шөкеев. Былтыр Мақтаарал ауданында орын алған техногендік сипаттағы төтенше жағдайда ел болып жұмыла атсалысқанның арқасында зардап шеккендерге баспана, қаржылай көмектер көрсетілген. Соңғы жылдары орын алған апатты жағдайларды негізге ала отырып, ел аумағында тұңғыш болып Түркістан облысында төтенше жағдайдың алдын алу бойынша Антикризистік карта жасалды. Облыс әкімдігі жанынан құрылған Ситуациялық орталық пен облыстық ТЖД бірлесе отырып жасаған картаға сәйкес, облыс аумағында 200-ден аса орын алуы ықтимал төтенше жағдай сипатталған. Түркістан әлемдік туризм ордасына айналады Түркістан қаласында туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру, әрі туристерге тартымды ету - бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Өмірзақ Шөкеев осы салада қолға алынатын жоспарлармен бөлісті. Облыс әкімі биыл туристер ағыны мен келушілер санын 2 миллион адамға дейін артатынын айтып, бауырлас көрші елдермен осы бағыта қарым-қатынас орнатып, көптеген жобалардың қолға алынып жатқанын жеткізді. Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру және туристерді тарту мақсатында Қ.А.Ясауи кесенесінің айналасы ашық аспан астындағы мұражайға айналып жатқанын және қонақтарды қызықтыру үшін өңірдегі барлық тарихи орындардың да маңызы зор екенін тілге тиек етті. Түркістан қаласының тарихи орталығында жергілікті халықпен туристерге облыстың туристік нысандары, оның ішінде тарихи-мәдени, емдік-сауықтыру, табиғи орындары бойынша «Бір терезе» қағидасымен ақпарат ұсынатын «Қабылдау Орталығы» ашылды.  width= Түркістанды түлету басты назарда тұр Түркістан қаласын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда. «Түркістан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз жалғасын тауып, Түркістан қаласының көркеюіне бар ынтамыз бен күш-жігерімізді саламыз»,-деген Өмірзақ Естайұлы қаланың әкімшілік – іскерлік орталығы, Тұңғыш Президент саябағы, Н.Назарбаев аллеясы (Арбат), желілік саябақтар, гүлзарлар, Қожа Ахмет Ясауи мен Рәбия Сұлтан Бегим кесенелерін қалпына келтіру, Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе көне қонысының тарихи орындарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтты. Түркістан қаласының Бас жоспарына сәйкес, облыста алғаш рет 7 700 га аумаққа Жасыл белдеу құрылып, өткен жылы 2400 га аумаққа 1 млн - нан астам көшет отырғызылды. Жоспарланған меже биыл толығымен іске асады. Түркістан Түркістан төрінде өтетін саммитте түркілер бас қосады «Халқымыз үшін елеулі оқиға орын алғалы тұр. Елбасының тапсырмасына сәйкес, наурыз айында Түркістан қаласында Түркі тілдес Мемлекеттер Басшыларының Саммитін өткізу үшін дайындық жұмыстары басталды. Бұл шара – күллі Түркі халықтарының рухани-мәдени орталығы – Түркістан қаласының туризмін жаңа бағытта дамытуға, туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы – Түркістан. Ол – Қазақ елінің рухани жүрегі» - деп атап көрсеткендей, баршаңызды облысымыз бен Түркістан қаласын қайта түлетіп, дамуы үшін өз үлестеріңізді қосуға шақырамын»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.  width= Наурыз мерекесі қарсаңында 17-ші аудан –«Сауран» құрылады.Облыс басшысы түркістандықтарды жаңа «Сауран» ауданының құрылуымен құттықтады. Облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілгелі бері Кентау қаласына оның бұрынғы 12 ауыл округі берілген болатын. Бүгінгі таңда, жаңа ауданға берілетін 12 ауыл округтердің мәселесі заң талаптарына сай тиісті құжаттар рәсімделуде. Қорытынды құжаттар Үкімет пен ҚР Президентінің қарауына енгізілетін болады. «Сауран» ауданы 2021 жылы «Наурыз» мерекесі қарсаңына қарай құрылу жоспарлануда.  width= Тұрғындар ізгі тілектер айтып, сауалдар қойды Түркістандықтар жолдардың жаңаруы мен ауылды жерлерді мекен еткен тұрғындардың сапалы ауыз су мен табиғи газбен қамтылуы жайлы сұрады. Медицина, мәдениет пен туризм саласының дамуына қатысты сауалдарын қойды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайлар мен Мақтаарал апатының қысқа мерзімде қалпына келтірілуіне алғыстарын жеткізді. Халқымыздың біртұтас ел екендігін дәлелдеген оқиғаны еске алған облыс басшысы, апаттың салдарын жоюға атсалысқан барша халыққа алғысын айтты. Түркістанда жаңа телеарна іске қосылады Облыс әкіміне Түркістанда жаңадан ашылатын телеарнаның болашағы туралы сауал қойды. «Елбасының идеясына, жобасына байланысты Түркістан түркі әлемінің рухани орталығына айналуда. Түркістанда көптеген БАҚ ашылып, қанат жаяды. Осының бәрін ескеріп, біз жаңа Turkistan телеарнасын құруды қолға алдық. Жаңа телеарна Медиа Холдинг қарамағында дамиды. Журналистер қауымы үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Орталық заманауи техникамен толық жабдықталған. Үлкен жұмыс басталып кетті. Turkistan телеарнасы халықаралық деңгейде дамиды, деген ой бар. Жақын арада ашылатын телеарна, түркі тілдес елдерінің тілінде ақпарат тарататын бірден-бір арна болмақ»,– деді облыс әкімі.  width= Есептік кездесуден соң жеке қабылдау өткізді Өмірзақ Шөкеев есептік кездесуінен соң, жеке қабылдауына жазылған азаматтарды қабылдады. Онлайн форматында өткен қабылдауда өңір тұрғындарының өтініштері сан алуан болды. Көбіне жеке мәселелер көтерілді. Түркістандықтар әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жол жүргізу бойынша өтініштерін айтып, көмек сұрады. Азаматтардың басым бөлігінің өтініші қабылдау барысында шешімін тауып, жауапты тұлғаларға жүктелді. Қалған арыздар бойынша заңдарға сәйкес, түсініктеме мен кеңес берілді. Барлық өтініштер облыс басшысының жеке бақылауында.  width=

Тельман БЕЙСЕНОВ