Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, қар жауады.
Метеорологтардың айтуынша, фронталды бөлімдер республиканың басым бөлігіне әлі де өз әсерін сақтайды. Соған байланысты 14 қаңтарда қар жауады, батыста жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, қарлы боран сақталады. Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, жел 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ақмола облысында боран соғып, түнде кей жерлерде тұман, түнде кей жерлерде жел тұрады, күндіз 15-20, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Қостанай облысында да боран соғып, жел 15-20, екпіні 23 метрге жетеді, кей жерлерде тұман болады. Атырау, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады , күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, қарлы боран болады, түнде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғады, жел секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістан және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, күндіз жел секундына 15-20 метрге жетеді. Павлодар облысында күндіз кей жерлерде боран соғады, жел секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысында тұман, көктайғақ болады.