Атырауда жанармай бекетіне шабуыл жасалды (Видео)
Атырауда жанармай бекетіне шабуыл жасалды (Видео)
196
оқылды

Қылмыскерлер кассадан 268 мың теңге ұрлаған.

ЖҚС тонау 9 қаңтарда таңертең ерте орын алды. Шабуыл бейнебақылауға түсіп қалған. Бұл туралы жергілікті Мой Город порталы хабарлап отыр.

Екі ер адам С. Датұлы көшесіндегі жанармай құю станциясына кірген.

«ЖҚС қызметкерлеріне қатысты күш қолданып, кассадан 268 мың теңге жымқырып, белгісіз бағытта бой тасалаған. Полицейлер қылмысты ізін суытпай ашты. Күдіктілер Жылыой ауданының 25 жастағы тұрғыны мен 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Олардан ақша мен басқа да айғақты заттар табылды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

https://youtu.be/zqztYHVnpEE