Мәжіліс келесі сәрсенбіде көрнекі ақпарат мәселелері туралы жаңа заң жобасын талқылайды. Бұл туралы Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палата бюросында анықталды. Отырыста палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы түзілді.
Алдағы аптадағы жалпы отырыстарында депутаттар қарауына көрнекі ақпарат мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылады. Заң жобасы орфография нормаларын және аударманың тең түпнұсқалығын сақтау бойынша талаптарды белгілеу арқылы деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру мәселелері туралы заңнаманы одан әpi жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар жалпы отырыста Мәжіліс бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялайтын заң жобаларын қарайды. Олардың арасында Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты және сотталған адамдарды беру туралы шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары бар. Депутаттар назарына екінші оқылымда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске және сот жүйесін жаңғырту мәселелеріне түзету енгізу туралы заң жобалары ұсынылады деп күтілуде. Сондай-ақ алдағы жалпы отырыста Мәжілістің комитеттері бірқатар заң жобасын қарайды. Атап айтқанда, Парламентке дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері, ЕАЭО туралы шартқа Арменияның қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау, сондай-ақ ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты бірқатар халықаралық құжатты ратификациялауға қатысты заң жобалары енгізіліп отыр.Айхан ШӘРІП