БҚО-да мұнай-газ кен орындары шетелдік жұмысшылардан бас тартты
БҚО-да мұнай-газ кен орындары шетелдік жұмысшылардан бас тартты
196
оқылды

Олардың орнын басатын жергілікті жұмысшылар қайта оқытылатын болады.

Батыс Қазақстан облысындағы кен орындарында шетелдік жұмысшылардан бас тартты,деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Бұл шешімді облыс әкімдігі қабылдаған. Шенеуніктер осылайша жергілікті тұрғындарды көптеп жұмысқа орналастыруға ниетті. Негізінен өндірісте істейтін шетелдік электр дәнекерлеушілер мен монтажшылар жұмыстан босатылады. Шенеуніктердің есептеуі бойынша, осылайша 50-ге жуық жұмыс орнын босатуға болады.

Операторлар тарапынан түсінік бар. Біз келесі жылдарда олар өз жобаларына қашан және қанша адам тартатынын жоспарлап қойдық. Біз алдағы 2-3 жылда кен орнын игеруді кеңейту болатынын білеміз, яғни, дайындалуға біздің 2-3 жылымыз бар. Дайындыққа уақыт кетуі мүмкін. Өңірде жұмыс күші тапшы. Қарашығанақтағы бос жұмыс орындарын толтыру үшін ондаған кадрларды оқытуға тура келеді. Ол үшін жергілікті колледждерде арнайы білім беру орталықтары ашылады, - деді БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев.

Ол сондай-ақ қызметкерлердің деңгейі мен құзыретін халықаралық стандарттарға дейін көтеру ниеттері бар екенін хабарлады.

Бұл кәсіби қосымша білім. Яғни, бұл кешегі оқушылар емес, олар колледж бітірген адамдар. Біздің міндетіміз-олардың деңгейін, олардың құзыретін халықаралық стандарттарға дейін көтеру, - деді әкім орынбасары.

Айта кету керек, шетелдік компаниялардағы қазақстандық мамандардың үлесі жыл сайын артып келеді. Әкімдіктің мәліметінше, 9 жыл ішінде ол 89% - дан 94% - ға дейін өсті. Шетелдіктер саны 5% - ға қысқарды.

«2019 жылға БҚО бойынша 3 361 бірлік квота бөлінген. Биыл Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі БҚО бойынша 1 440 бірлік мөлшерінде квота бөлді. Яғни жеңілдіктер екі есе қысқарған», – деп мәлімдеді БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Азат Ғұсманова.

Қарашығанақта шетелдіктерді жұмыстан шығару шешімі туралы еш түсініктеме бермей отыр. Кәсіпорын мамандары біздің сұратуымызға берілген тек жазбаша жауапта: «Шетелдік жұмысшылар мұнай-газ саласының басқа да жобаларына жұмысқа орналастырылатын болады. Сонымен қатар, КПО жергілікті мамандарды оқытуға жүздеген миллион доллар бөлді», делінген.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жылдары жұмысшылар биліктің назарын аудару үшін ереуілге жиі шықты. Олар шетелдіктерге берілетін жалақы мен еңбек шарттарын талап етті. Бұған дейін еңбек министрі Біржан Нұрымбетов Үкіметке Шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын екі есеге қысқартуды және шетелдік қызметкерлері бар кәсіпорындарды жиі тексеруді ұсынды.

https://youtu.be/yqlxI5tEuA0