19 ақпан күні Тараз қаласында қатты дауыл тұрып, тұрғын үйлердің шатырлары ұшып, талдар тамырымен қоса қопарылып құлаған болатын. Әлеуметтік желілерде желдей ескен видеоларды көріп, жамбылдықтар ғана емес, өзге өңірдің тұрғындары да жаға ұстаған. Бүгін бораннан шаһарға келген шығынның көлемі белгілі болды.
Бұл аз десеңіз, қала көшелеріндегі 20 бағдаршам істен шығып, 2 аялдама желден құлап қалған. Сонымен қатар 42 билборд, 5 пилонның баннері және Тұңғыш Президент саябағындағы Ту жыртылған. Барлық бағыттар бойынша тиісті шаралар қолға алынып, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп отыр. Саятхан Сатылған, Жамбыл облысыҚала көшелерінде 40-қа жуық талдар құлап, оларды кесіп тазалау жұмыстарымен «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-ның 4 бригада және 13 техника айналысқан.