Сарапшы жекпе-жек өтетін салмақты атады. Қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек 2020 жылы өтеді, – деп хабарлады ESPN журналы. Басылым бокс шолушысы әрі инсайдер Дэн Рафэльдің пікірін берген. «Бокстың миллиондаған жанкүйері мен олардың келісімшарттарына 500 миллион доллар құйған DAZN қуанышына орай қасарысқан қарсыластар Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін болды. «Канело» қақсай бергенін қойып, жұдырықтасуға келісетін сияқты. Бірақ ол орта салмаққа оралмайды. Оның орнына Альварес Головкинді екінші орта дивизионда жұдырықтасуға шақырады. Маусымда Стив Роллсты нокаутқа түсіріп, 164 фунттың тамырын басып көрген GGG қуана келіседі», – деген пікір айтады автор.