Тұрмыстық қалдықтарды көмуге рұқсат жоқ
Тұрмыстық қалдықтарды көмуге рұқсат жоқ
653
оқылды
Қарағанды облысында жылына 600 мың тонна қалдық шы­ғарылады. Облыс аумағында  тұрмыстық қалдықтар төгетін 202 объекті орналасқан. Оның 24 полигонында ғана рұқсат бар, қал­ған 178 полигон экологиялық және санитарлық-эпидемио­ло­гиялық талаптарға сәйкес емес.  Облыста жаңа полигондар салу­ға, қолданыстағы поли­гон­дар­ды экологиялық талаптарға сәй­кес келтіруге ауылдар мен ау­­­дандар бюджетінен қаражат қа­растырылмаған. Облыстық қо­ғамдық кеңестің отырысында бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Экологиялық кодекстің 301-бабына сәйкес полигонда плас­­­­­тик, картон, қағаз көмуге тыйым салынады. Мұндай ком­му­налдық қалдықтарды бөлек жинау қажет. Бүгінгі таңда Қарағанды және Теміртау қалаларынан басқа қалалар мен аудандарда тұрмыстық қалдықтар сұрыпталып, бөлек жи­нал­майды, яғни заң талаптары бұ­зылып отыр.

– Бұл мәселе бақылауға алын­­­ған, сұрыптау кешендерін салу үшін әкімдіктер инвес­ти­ция із­деу­де. Қалалар мен ау­дан­дардың әкім­діктері жер пай­далану актілерін ре­сім­деу­­ге, ҚТҚ полигондары үшін рұқ­сат құжаттарын алуға ба­ғыт­тал­ған жұмысты күшейтіп, қал­­­­дықтарды бөлек жинауды ен­­гізу қажет, – деді Қарағанды об­­лысы табиғи ресурстар және та­­биғатты пайдалануды реттеу бас­қармасының басшысы Расул Төлепбаев.

Қалдықтарды жинау, тасы­мал­дау және көмумен 26 кәсіпорын айналысады. Облыста қалалы жерлер 80%, ауылдық мекендер 54% қамтамасыз етілген. 16 мың­нан астам контейнер, оның ішінде қал­дықтарды бөлек жинауға ар­нал­ған 1200 контейнер және құра­мын­да сынап бар аспаптарды жи­науға арналған 66 контейнер ор­натылған. Өңірде қатты қалдықтарды бө­лек жинау және өңдеу 2015 жылдан бас­тап жүргізіледі. Негізінен, Қа­рағанды және Теміртау қала­ла­рында «Горкомтранс ЖШС», «Ре­сайлинг ЖШС» және «Экоа­лем» ЖШС айналысады. Түскен қал­дықтар сұрыптау сызығынан өте­ді, онда 10 тізім көрсетілген (ма­кулатура, картон, полиэтилен, ПЭТ, алюминий банкалар, ме­талл, пластмасса және т.б.) шығары­ла­ды. Престелген пластик, макула­тура және т.б.шикізат Павлодар, Алматы және Ресейге жіберіледі. Үш жыл ішінде коммуналдық қал­дықтарды өңдеу көлемі 2-ден 16%-ға дейін артты. Қара­ған­ды­да «ГорКомТранс» ЖШС қуат­ты­лығы жылына 200 мың тон­на қоқыс сұрыптау кешені бар. Кәсіпорынның жоспарында жы­лына 300 мың тонна қоқыс өңдей­тін зауыт салу көзделген. Жобаның құны – 2 млрд теңге. Бүгінгі таң­да ин­весторлармен келіссөздер жүр­гізілу­де. Сондай-ақ 30-дан астам кәсі­по­рын қалдықтардан дайын өнім­дер, полимерлі құмды тротуар­лық плиткалар, полимерлі қал­дық­тар­­дан жасалған черепица, ме­тал­лопрофиль, шлакоблоктар өн­­­­­дірісі, темір бетон бұйымдары өндірісі, канализациялық және су құбырлары люктерінің орнына полимерлі-құмды қақпақтар шы­ғарумен айналысады. Жыл сайын облыстық бюджеттен тұрғындар мен ШОБ субъектілері арасында ҚТҚ бөлек жинауды насихаттау жө­ніндегі іс-шараларды өткізуге, оның ішінде «Бөл, бер, қайта өң­­деу» акциясы арқылы қаражат бө­лінеді. Облыс аумағында орналасқан «Дарьял-У» радиолокациялық стан­­сасының  экологиялық жағ­­­­дайын реттеуге облыстық бюд­­жет­тің шамасы келмейді. Құра­мын­да ПХД бар қалдықтарды қайта орау, шығару және кәдеге жаратуды жүзеге асыру үшін республикалық бюд­жеттен шамамен 1,2 млрд теңге қаражат бөлу қажет. 2004 жылы «Дарьял-У» аумағында 16 мың да­наға жуық тұрақты органикалық ластағыштары бар конденсаторлар, полихлордефинилдер табылған. 10052 конденсатор Германияға әке­тіліп, жойылды. Қазір «Да­рьял-У» аумағында 5946 конденсаторы бар 183 контейнер, құрамында ПХД бар 3 контейнер (пайдаланылған ар­найы киім, адсорбенттің қал­дықтары) жатыр. Дайын өнім қой­маларын және қаптамаларды күзету­ді «Қарағанды облысының ма­мандандырылған күзет қызметі» ММ жүзеге асырады. Зиянды қал­­дықтарды реттеумен «Жасыл Даму» ЖШС ұйымы айналысады.

– Үш жыл болды, респуб­ли­ка­­лық бюджеттен 1,2 млрд теңге қа­­ра­жат бөлу мәселесі шешілмей отыр. Алдын ала деректер бойын­ша 2020 жылдың 1 жарты жыл­ды­ғында РОП ЖШС есебінен «ЭкоЛюкс компаниясы» ЖШС құр­а­­мында бар конденсаторларды ПХД шығару жүзеге асыруы тиіс, – деді Қарағанды облы­сы табиғи ресурстар және та­би­ғат­­­ты пайдалануды реттеу бас­қар­масының басшысы Расул Тө­лепбаев.

Тұрмыстық қалдықтарды кө­муді азайту, қайта өңдеу мақ­са­тында «2018-2022 жылдарға ар­нал­ған шағын және орта биз­нес субъектілерін кеңінен тар­та отырып, қатты тұрмыстық қал­дық­тарды (ҚТҚ) қазіргі заманғы кәдеге жарату және қайта өңдеу жө­ніндегі шаралар кешені» әзір­ленген. Облысты дамыту бағ­­­дар­ламасына біріктірілген ны­са­на­лы индикаторлар белгіленген. Кәріздік-тазарту құрыл­ғы­­ла­рының жағдайы да алаң­датарлық. Облыс бойын­ша бар­лығы 10 кә­різдік-тазарту ғима­ра­ты бар, оның 8 коммуналдық меншікте жә­не 2 жекеменшікте. Тазарту құрыл­ғы­ларын пайда­лану мерзімі 40-50 жылға же­те­ді. Аймақтағы көп­теген  кәріз­дік-тазарту құрыл­ғы­сында жаб­­­дықтардың тозуы орта есеппен 60-70% болып отыр. Бүгінгі күні бір­шама кәсіп­орын пайдаланатын тазарту техно­ло­гиясы техникалық тұрғыда ес­кірген. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орта­лы­­ғы» АҚ қазіргі уақытта Балқаш, Жез­қазған, Сәтбаев қалалары ен­­гізілген кәріздік тазарту құ­ры­­лыстарын салу мен қайта жаңар­тудың бірыңғай ТЭН әзірлеп жа­­тыр. Бұдан басқа, «Өңірлерді да­мыту» бағдарламасы аясында Ұлы­тау кентінде жалпы құны 1,1 млрд теңге тазарту имараттары са­лы­нады, Абай қаласы мен Қа­ра­бас кен­тінде жалпы құны 4 млрд теңге кәріз­дік желілерді, кә­різдік та­зарту и­мараттарын қайта жа­сақ­тау көз­делген. Тазарту құрылғыларын қайта жаңарту мен салу мемлекеттік жә­не үкіметтік бағдарламалар шең­берінде жүргізілмесе, облыстың қар­жылық әлеуетіне салмақ бо­лары анық.    width=Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,                             Қарағанды облысы