Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбалалы отбасылардың мүшелеріне көңіл көтеретін орындарда түрлі жеңілдіктер қарастырылған.
Біз елордамыздағы ойын-сауық орындары мен мәдениет ошақтарында, спорт кешендеріндегі жеңілдіктердің бізге белгілісін бөлісуді жөн көрдік. Бұл жеңілдіктер көпбалалы ана екеніңізді растайтын көк кітапшаңызды көрсеткеннен кейін ұсынылатынын еске саламыз.
ҚР Ұлттық музейі – көпбалалы аналар мен 6 жасқа дейінгі балалар үшін тегін. Мектеп оқушыларына тоқсандық демалыс кезінде тегін;
Оқушылар сарайы – көпбалалы отбасының баласы үшін екінші үйірме тегін;
Орыс драма театрында – көпбалалы отбасының балалрына билетке 50% жеңілдік;
Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық саябақ – екі апта бір рет аттракциондарды тегін пайдалану мүмкіндігі бар;
Қуыршақ театры (Республика көшесі, 3) – көпбалалы отбасының балалары үшін билетке 50% жеңілдік;
Нұр-Сұлтандағы аула клубтары – көпбалалы, тұрмысы төмен, толық емес отбасының балалары үшін тегін;
«Сарыарқа» фитнес орталығы (Қабанбай батыр, 45А) – көпбалалы отбасының балалары үшін тегін, анасына бір реттік кіру құнына 50% жеңілдік, аптаның жұмыс күндері сағат 07:00-17:00 арасында;
Chaplin кионтеатры – көпбалалы аналарға билет құнына 50% жеңілдік. Ал 5 жасқа дейінгі балалар тегін кіреді;
МЕGA-дағы мұзайдын – жұмыс күндері көпбалалы отбасының балалары тегін сырғанайды;
«АЛАУ» мұз сарайы – көпбалалы отбасылардың балалары тегін кіреді. Тек конькиді жалға алу құнын ғана төлейді. Өз конькиімен кіруге рұқсат.
AILAND аквапаркі, океанариум, «Джунгли», шолу дөңгелегі – көпбалалы отбасының барлық мүшесі үшін 50% жеңілдікке ие. 6 жасқа дейінгі балаларға тегін. Акция сейсенбі күні ғана күшінде;
«Бәйтерек» монументі – көпбалалы аналар мен 5 жасқа дейінгі балаларға үшін тегін;
«ЭКСПО» «Нұр Әлем» павильоны – көпбалалы аналар мен 6 жасқа дейінгі балалар үшін тегін;
Kidburg (Абу-Даби плазада орналасқан) – көпбалалы отбасылар үшін 30% жеңілдік;
Mega Silk Way сауда және ойын-сауық орталығы аумағында орналасқан ойын алаңдарында мынадай жеңілдіктер бар:
Happylon – балалар үшін 50%;
KANGO – балалар үшін 50%;
LEGO education – балалар үшін 50%;
Evrikum – балалар үшін 50%;
Mini City – балалар үшін 20%;