Петропавлдағы жарылыстан зардап шеккендердің үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр
Петропавлдағы жарылыстан зардап шеккендердің үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр
147
оқылды

Дәрігерлердің айтуынша, үш науқастың жағдайы ауыр. Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Петропавлдағы жарылыстан зардап шеккен 16 адам ауруханаға жеткізілген. 24 жастағы жігіт қалалық ауруханада қайтыс болды.

Қазір 20 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы нашар. Бес адам амбулаторлық емделуге үйіне жіберілді. Ем алып жатқан тағы алтауының жағдайы орташа.

«10 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына түсті. Оның да жағдайы орташа. 1997 жылы туған екі ер адам облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы нашар. Жалпы зардап шеккендердің орташа жасы – 20-25 аралығында. Ең үлкені – 43 жаста», – дейді басқарманың баспасөз хатшысы Гүлнар Сайлауқызы.

Кеше Петропавлда көпқабатты үйде жарылыс болып, соңы өртке ұласты.