Әлемде алғаш рет қайтыс болған донорлардың жүрегі балаларға салынды
Әлемде алғаш рет қайтыс болған донорлардың жүрегі балаларға салынды
327
оқылды

Ғалымдар қайтыс болған донорлардың жүрегін балаларға салған. Мұндай операция алғаш рет жасалып отыр, – деп хабарлайды 24 kz.

Мамандар донорлық жүректі залалсыздандырылған камераға орнатып, арнайы құрылғыға қосу арқылы сақтап қалған. Ал оның қағысын бір қалыпты ұстау үшін 1 жарым литр қанды оттекпен қанықтырған. Кейін қашықтан басқару пульті арқылы қанды кез келген уақытта жүгіртіп отырады. Инновациялық технология арқылы британдық мамандар қайтыс болған адамдардың жүрегін өмірі қыл үстінде тұрған науқас балаларға ауыстырып, оларды аман алып қалды.