Ақша айырбастау орындары әр операцияны журналға тіркеп отыратын болды
Ақша айырбастау орындары әр операцияны журналға тіркеп отыратын болды
5,207
оқылды

Ұлттық банк «ҚР Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережелеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулыға түсініктеме берді, — деп жазады «ҚазАқпарат».

Жаңа ережеге сәйкес, қазір айырбастау пунктінің ең төменгі жарғылық капиталы Нұр-Сұлтан қаласында, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында орналасқан айырбастау пунктері үшін 100 миллион теңгені құрайтын болады.

Сонымен бірге, қолма-қол ақшамен айырбастау операцияларын жүргізу үшін айырбастау пункті өз шоттарында немесе айырбастау пунктінің кассасында теңге немесе шетелдік валютамен есептегенде 100% -дан кем емес мөлшерде тазартылған алтын құймасының (бар болса) болуын қамтамасыз етуі керек.

Біріншіден, барлық банктік емес айырбастау пункттері үшін, орналасқан жеріне қарамастан, 100 млн теңге мөлшерінде жарғылық капиталды құру жоспарланды. Қазір ауылдар мен шағын қалаларда орналасқан нысандар үшін жарғылық капиталдың мөлшері 50 миллион теңгеге дейін азайтылды. Екіншіден, бұл норманы енгізу уақыты ауыстырылды. Бастапқыда олар талапты 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізуді жоспарлады.

Түзетілген нұсқаға сәйкес, республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан ұйымдар үшін норма 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді. Облыстардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімшілік орталықтарында – 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін болады», – деп түсіндірді Ұлттық банк қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Сонымен қатар, жаңа ережеге сәйкес, айырбастау пункттері 1 ақпаннан бастап 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жомарт Қажымұратовтың айтуынша, жұмыс кестесі айырбастау пункттері мен олардың клиенттерінің қауіпсіздігін жақсартуға байланысты өзгеріп отыр.

Оның пайымдауынша, бұл шара кешкі және түнгі уақытта қолма-қол шетелдік валютаны сатып алуда валюта курсының өсу фактілерін болдырмауға, халық арасында негізсіз дүрлігу болмауына көмектеседі. Әуежай, теміржол арқылы Қазақстанға келетін/кететін және мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіндегі адамдар үшін айырбастау пункттері тәулік бойы жұмыс істейді.

Ал, бірінші санаттағы ірі сауда орталықтарында сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, енді ақша айырбастау пунктері әр операцияны журналға тіркеп отырады.

Яғни ақпаннан бастап ақша айырбастаған адамның аты-жөні мен жеке куәлігінің нөмірі жазылады.

«Әр айырбастау операциясынан кейін қызметкерлер журналға адамның жеке куәлігіндегі мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты), берілген күнін, құжаттың нөмірін, жарамдылық мерзімін жазып алады. Сонымен қатар, жаңа талап бойынша айырбастайтын ақшаның көлемі 500 мың теңгеден аспауы керек» дейді Жомарт Қажымұратов.

Оның айтуынша, бұл – халықаралық тәжірибе.