Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері чехиялық Михаил Билек «Астана» клубының бас бапкері болып тағайындалды.
Михаил Билек Роман Григорчуктың орнына келді. Григорчук «Астана» клубымен 13 қаңтарда келісімшартты үзген болатын. Ол 2018 жылы маусым-тамыз аралығында және 2019 жылы толық маусымды атқарып шыққан. Клуб григорчуктың басшылығы кезінде Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтті. Әрі алтыншы рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды.
2019 жылы қаңтарда Қазақстан құрамасының тізгінін ұстаған 54 жастағы Билектің басшылығымен құрама он ұпай алып, Еуро-2020 іріктеу кезеңінде соңғы орынның бірін қанағат тұтты. елімізге келгенге дейін Билек бірнеше клубта қызмет істеді. Ол Чехия құрамасын және грузиялық «Динамо» клубын басқарған. Сондай-ақ Билектің басшылығымен прагалық «Спарта» 2007 жылы алтын дубль жасады, ал 2003 жылы Чехия жасөспірімдер құрамасы (19 жасқа дейін) Еуропада 3-орынға ие болды.
Гүл БЕКЗАТ