Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары мемлекеттік аппарат құрылымында 500-ден аса өзгеріс болғанын айтты, – деп хабарлайды «Tengrinews.kz».
«Тұрақты қайта құру шаралары мамандардың жылыстауына ықпал етті, соның салдарынан сабақтастық болмады, бұл мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне теріс әсер берді. Мемлекеттік аппарат үшін институционалдық есте сақтау – өте маңызды. Егер бөлімшелер мен ведомстволардың басшылары бір лауазымнан екіншісіне шегірткедей секіріп жүрсе, қандай есте сақтау туралы әңгіме болуы мүмкін? Бір жыл жұмыс істеді, басқа лауазымды талап етеді немесе осы министрлікте не басқа министрлікте», – деді Тоқаев.
Осыған дейін, елімізде мембасқарудың жаңа моделі қажет дей келе, Президент шенеуніктердің халық алдында ашық болуы керектігін айтты.