«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының көптеген тармағы іске асырылып жатыр.
Халықты толғандыратын басты мәселенің бірі – қолжетімді тұрғын үй мен инфрақұрылым мәселелері. Бүгінде Қарағанды облысында тұрғын үй алу үшін кезекте 36 мың адам тұр. Өткен жылы өңір бойынша рекордтық 530 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша, 6 500-ге жуық отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Әлеуметтік тұрғын үйге кезекте тұрған 2 500 азамат өз үйін тапты, 180 пәтерді жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар алды. Жалпы, әлеуметтік жалға берілетін кредиттік тұрғын үй беру бір жыл ішінде 40%-ға өсті. Биыл 2020 жылға қарағанда 25%-ға артық, яғни шамамен 660 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр, бұл 3 мыңнан астам отбасын, оның ішінде 600 көпбалалы отбасын жалға берілетін және кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыста мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары тиімді іске асырылуда. «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай облыс бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткішін бір тұрғынға шаққанда 27,4 шаршы метрге дейін жеткізуді және тұрғын үй кезегін 10%-ға төмендетуді мақсат етіп отыр. Атап айтқанда, 2025 жылға дейін 3,4 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салу және пайдалануға беру (2021 жылы 513,7 мың шаршы метрден 2025 жылы 698,2 мың шаршы метрге дейін) немесе шамамен 30 мың пәтер; 600 шақырым инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу және тұрғын үйлерге жеткізу; 124 мың тұрғынды қамти отырып, жыл сайын кемінде 440 көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу; 2025 жылға дейін шамамен 400 лифтіні қалпына келтіру және ауыстыру секілді жұмыстар жоспарға енгізілді. Нәтижесінде, облыстың 30 мыңға жуық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.Әбілмансұр ЖАСАН