Қытай қазақтарының бүгінгі көшпелі ғұмыры (фоторепортаж)
Шыңжаңның солтүстігін өзінің атамекені санайтын жергілікті қазақтар әлі күнге дейін ата дәстүріне адал, көшпелі өмір салтына – берік.
[caption id="attachment_83589" align="alignnone" width="815"] © Баоге, Гуанчжоу[/caption]
Гуанжоулық документалист фотограф Бао Ге көшпелі қазақ отбасымен бірге мыңжылдық дәстүрге айналған қазақ ауылының көшін суреттеді.
[caption id="attachment_83591" align="alignnone" width="815"] ©Баоге, Гуанчжоу[/caption]
Алтай тауларының баурайында ғасырлар бойы қыс қыстауы мен жаз жайлауын кезек-кезек мекен еткен қазақ отбасының маусымдағы кезекті көші Баоны қызықтырмай қоймады.
Баоның әсем фотоларына қан жүгірткен тағы бір жайт Алтынхан мен Баян есімді сұлулардың ауылына қыдырып келуі.
Маусым айының басында ағайындары жаз жайлауға бет алатынын білген қыздар көмек беруге арнайы келген.
Балалықтың балғын шағын есіне алған қос ару бұл мекеннен қалаға оқуға кеткеніне де аттай он жылға жуықтады.
Десе де ірімшік жеп, саумал ішкен балалықтың тәтті кезі естен ешбір кетпеген. Сол ертеден қалған соқпақ пен сүрлеу Алтынхан мен Баянды бүлдіршін шақтарының даңғыл жолына қайта түсіріп жібергендей әсер қалдырды.
Техникумдағы оқуын аяқтаған қыздар бүгінде Алтайда жұмысын жалғастырып жүр.
Қозы, лақтың ойнаған сәтін аңсаған сұлулар үлкен көштің бел ортасынан табылып, ауылдың қым-қуыт тіршілігіне білек сыбана кірісіп кетті.
Жиендерінің ауылға келу қуанышына орай үй иесі қой сойып, ет асты.
Ертең ұзақ сапар басталғалы тұр, сондықтан жол азығын бүгін қамдау қажет.
Таң атысымен киіз үйдің шаңырағы түсіріліп, уықтары жинастырылды.
Түйеге жүкті теңеген отбасын алда ұзақ сапар күтіп тұрды.
Біле білсек отар сағатына 4 шақырымды ғана иегере алады. Ал жайлауға дейін тез жету, ол – арман.
[caption id="attachment_83597" align="alignnone" width="815"] ©Баоге, Гуанчжоу[/caption]
– Қазақ – ерекше халық. Әлемде қаны таза, жаны пәк
қазақтай ұлт санаулы. Мына жол талай қазаққа бағдар болған – ұрпақ сабақтастығын
сақтаған. Уақыт сырғып аққанымен баба мұраты мен дәстүрі берік қалана түскен. Тағдырдың
талай тәлкегіне төзген, ащысы мен тәттісін қатар сезген ұлы жол, – дейді
қытайлық фотограф Бао Ге.