Боранға байланысты үш облыста жол жабылды
Боранға байланысты үш облыста жол жабылды
123
оқылды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

23 ақпанда сағат 07.30-да қар, бораннан жол көрінбейтін болған соң, үш облыста барлық көлік қозғалысы шектелген.

Қостанай облысы бойынша жабық тасжолдар:

Қостанай - Әулиекөл-Сурган, Қостанайдан Ақмола облысы шекарасына дейін; Денисовка-Жетіқара-Мұқтыкөл-РФ шекарасы, Жетіқара кентінен РФ шекарасына дейін; Денисовка-Аршалы-Комаровка, Денисовка ауылынан Комаровка ауылына дейін; Жетіқара кентінен Чайковский кентіне дейін; Мариновка селосын 0-ден 9 шақырымға дейін.

Қарағанды облысы бойынша жабық тасжолдар:

Жезқазған-Петропавл, Қарағанды облысы шекарасынан Ақмола облысы шекарасына дейін.

Ақмола облысы бойынша жабық тасжолдар:

Жақсы-Есіл-Бұзылық, Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін; Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, Қостанай облысы шекарасынан Сұрған кентіне дейін; Жезқазған-Петропавл, Қостанай облысы шекарасынан СҚО шекарасына дейін; Екатеринбург-Алматы, Жақсы кентінен Атбасар қаласына дейін.