«Қазгидрометтің» хабарлауынша, циклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.
Батыс өңірлерде күн жауын-шашынсыз болады.
Бірқатар аймақта тұман түссе, кей жерлерде көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, түнде кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болса, кешкісін екпіні 23-28 метрге жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Жамбыл, Түркістан облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі деген болжам бар. Күндіз өңірдің кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облысының бірқатар өңірлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Кей жерлерде бұрқасын болуы ықтимал.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Алматы Қызылорда облыстарының бірқатар аумағында көктайғақ болады.