Нұр-Сұлтан-Щучинск күре жолында ауа райының бұзылып ақ түтек бораннан түк көрінбеуіне байланысты жол жабылғанына қарамастан 500 метрден астам жол кептелісі пайда болған. Дәл қазір көліктердің жүруіне жол бермей жол полициясы көлігі көліктердің алдында тұр, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Осыған дейін жергілікті төтенше жағдайлар департаменті ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан-Петропавловск» автожолының Нұр-Сұлтан-Щучинск қаласының арасындағы 18-231 шақырымында көліктің барлық түрлеріне қозғалыстың 20:00-ден бастап жабылғанын хабарлаған.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы