Алматы облысына қарасты бірқатар аймақтағы өзекті мәселелер «Nur Otan» партиясының өкілдерінің араласуымен оңтайлы шешілді. Атап айтқанда, Instagram әлеуметтік желісіндегі 05_region_kz парақшасында Көксу ауданына қарасты Дарабоз ана мен Майқы би көшесі аралығында ашық жатқан коммунал жүйесі жайлы ақпарат тараған болатын.
«Nur Otan» партиясының өкілдері мен халық қалаулыларының әлеуметтік желідегі мониторинг жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық мәслихат депутаты Секенбай Шенгелбаев аталған мәселені тез арада шешу үшін тиісті коммуналдық салаларға хабарласып, жұмыс барысын бақылауда ұстады. Нәтижесінде, бірнеше күннен кейін ашық жатқан коммунал жүйесі темір қақпақпен жабылып, мәселе оңынан шешілді. Секенбай Шенгелбаев аталған аймақтағы жағдай белгілі бола бастаған тұста бірден іске кіріскенін айтты. – Бұл мәселенің әлеуметтік желіде талқылануы өте орынды. Өйткені жақын маңда балалардың ойын алаңы бар, ашық жатқан құдық бала түгіл ересектер үшін де қауіпті. Сондықтан бұл мәселені бірден тұрғын үй коммунал шаруашылық өкілдерімен бірлесіп шешуге кірісіп, соның нәтижесінде ашық жатқан құдыққа бетон төселіп, аузы темір қақпақпен жабылды, – деп атап өтті облыстық мәслихат депутаты. Instagram әлеуметтік желісінің sarkand_insta парақшасында да Сарқан қаласы Қуатбаев көшесінде орналасқан байланыс желісі ұзақ уақыттан бері салбырап тұрғаны хабарланды. Желі адамға қауіп төндіруі мүмкін екенін ескеріп, облыстық мәслихат депутаты Руслан Қожасбаев «Қазақтелеком» АҚ АӨТД байланысып, мәселені жеке бақылауына алды. Нәтижесінде, бірнеше күннен соң «Қазақтелеком» АҚ Сарқан ауданының бөлімшесіндегі мамандары бағанада салбырап тұрған желілерді тартып, қауіпсіз деңгейге жеткізіп, мәселе оң шешімін тапты.Әбілмансұр ЖАСАН