«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.
Шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева қатысты. Жиында «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қорының директоры Дәуренбек Құрбаниязовтың 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалып, биылғы жоспарлары нақтыланды. Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қорымен ынтымақтастық пен серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойған болатын. Меморандумның басты мақсаты – партияның «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» және «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында әлеуметтік мәселелері негізінде қоғам өмірін жақсарту.Әбілмансұр ЖАСАН