«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі өңір тұрғындарына жергілікті билік органдарының өкілдерімен тілдесуге, олардың көмегіне жүгінуге мүмкіндік береді. Билік өкілдері қабылдау бөлмесінде халықпен байланыс орнатып, олардың талап-тілегін, өтінішін тыңдап, әр мәселені бақылауда ұстайды. Осы мақсатта Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асаин Байханов та онлайн режимде азаматтарды жеке қабылдады.
Облыс әкімінің орынбасарына Юрий Дубовицкий мен Марат Асылханов Павлодар облысының ауыл шаруашылығы мұражайын облыс мұражайының үй-жайларында орналастыру мәселесі бойынша өтінішін айтты. Сондай-ақ өтініш иелері Қарабай ауылындағы мал жаю мәселелері жөнінде де бірқатар ұсынысын жеткізді. Қабылдау барысында тиісті тапсырмалар мемлекеттік органдардың өкілдеріне берілді. Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша барлық сұраққа дәлелді жауап беріліп, одан әрі қарауды талап ететін сұрақтар Асаин Байхановтың жеке бақылауына алынды.Әбілмансұр ЖАСАН