Солтүстікте боранда адасқан бес адам жоғалып кетті
Солтүстікте боранда адасқан бес адам жоғалып кетті
131
оқылды

Олардың үшеуі аман-есен табылды. Ал қалған екеуін іздеу жалғасып жатыр.

Оның үшеуі - Есіл ауданы, біреуі - Тайынша, енді бірі Аққайың ауданында жоғалған. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов өңірдегі жағдайды айтып берді.

«23 ақпан күні сағат 11.30-дан бастап боранға байланысты барлық бағыттағы автомобиль жолдары жабылды. ТЖД жедел штаб құрылып, оған ТЖД мамандары, полиция, «Қазақавтожол» және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары басқармасының өкілдері кірді. Бір тәулік ішінде 3 600-дей қоңырау қабылданды», – дейді Мұрат Қанғожинов.