«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін солтүстік аймақтарда алдағы үш күнде боран соғады.
Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, солтүстік-батыста және шығыста жауын-шашын жауады.
Бірақ оңтүстікте күн жауын-шашынсыз болады.
Республиканың кейбір аймағында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында бұрқасын, Павлодар облысында боран соғады, ішінара күре жолдарда қозғалыс шектеледі.
Жел секундына 15-20 метр, кей жерлерінде 23-28 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді.
Қостанай облысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды, кей жерлерінде 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 30 метрге жетеді, кей жерлерде одан да жоғары болуы ықтимал.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ал Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының мәліметінше, желдің екпіні күшейетіндіктен, 0-4 сыныптарға сабақ болмайды.