Ернат Архатұлы Мұхамадиев Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ернат Мұхамадиев 1988 жылы Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Оксфорд университетін бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы "Назарбаев орталығы" мемлекеттік мекемесінің халықаралық ақпараттар бөлімінің аға сарапшысы қызметінен бастады.
2014-2016 жылдары — БҒМ Жастар ісі департаментінде басшылық қызметтер атқарды.
2016-2017 жылдары — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры.
2017-2019 жылдары — жекеменшік ұйымдарда еңбек етті.
2019 жылы мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің басшысы хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.