Шетелдік демалушылар көне ғибадатхананы бүлдірді, – деп хабарлайды «Хабар 24».
Перуде шетелдік туристердің заңсыз экскурсиясы депортациямен аяқталатын болды.
Оқиға Мачу-Пикчу көне қаласында болған. Чили, Бразилия, Франция мен Аргентинадан келген 6 демалушы түнде ежелгі шаһар аумағына заңсыз өтіп кеткен.
Сөйтіп, тастардың бірін құлатқан. Салдарынан көне ғибадатхананың қабырғасы бүлінген.
Енді 5 турист Отанына депортацияланады. Біреуі тергеу біткенше, Перуде қалады. Ол вандализм үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жалпы, Мачу-Пикчу ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген. Жергілікті жұрт арасында қасиетті орын саналады.
Жыл сайын мұнда келетін туристердің саны миллионнан асады. Көне шаһарға жасалатын экскурсиялар қатаң бақыланады.